Өлеңдер ✍️
МƏҢГІЛІККЕ ҚАЛАМЫЗ
Екі тастың арасына өскен шөп
Бүршік атып, ұмтылады жарыққа.
Екі қыран қанаттарын көп теңшеп,
Аспанға ұшып, сіңіп кетті алысқа.
Кеңістіктің мұхитына шомылып,
Былай деді көңілдері тоғайып:
«Жер патшасы болған қандай тамаша!
Аспандағы тіршілік те ғажайып!»
«Қане, мұнда мəңгілікке қалайық...»
Екі жайран бара жатыр зымырап,
Сексеуілдің көлеңкесінен үркіп.
Жазықтардан, тау-тастардан құлдырап,
Іздейді олар ішетін су, шөліркеп.
Тапты суды. Қанды шөлі, таң атты,
Жарық түсті, қараңғылық азайып.
Рақат бір күй кешті де қос жайран
Былай деді көңілдері тоғайып:
«Бəрі де бар: ағын суда, шалғын, гүл,
Құмарымыз қанғанша асыр салайық...»
«Қане, мұнда мəңгілікке қалайық...»
Мен көшеге шыққан едім ертемен,
Тынысымды ашты таңғы таза ауа.
Қос шелегін иыққа асқан ару қыз
Су алуға бара жатар жағада!
Ал жүрегім қоя берді əн айтып:
«Қане, бірге мəңгілікке қалайық».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter