file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  177


Автор: Түрікмен поэзиясы

СОҚПАҚТАР

Қарақұм бұл –
Қара құмдар есілген.
Қарақұм бұл –
Жолсыз дала көсілген.
Алаңанның
Аясындай өресі,
Тек жіңішке
Соқпақтарды көресің.
Оның өзі
Жүгіргенмен алға көп,
Жоғалады
Құм төбелер,
Жарға кеп...
Қарап тұрсаң;
Соқпақтың көп жаулары:
Ескен жел де,
Көшкен құм да,
Тау-дағы.
Бірінен соң
Бірі жасап шабуыл,
Тып-типыл ғып,
Көрсетеді адуын.
Соңпаңтарға
Бəрінен де ауыры –
Адамдарсыз
Жалғыз жадап қалуы
Адамдарды
Аңсап олар тосады,
Мұңмен мүлгіп,
Бетін құм, шөп басады.
Қалай ғана
Көмектессек оларға?
Көмектесу
Бірақ оңай болар ма?
Бəрінен де дұрысы –
Ауыр демей жұмысы,
Жарып өтіп,
Құмнан сол
Салу керек тыңнан жол...
Соқпақтар да жарысып,
Үлкен жолмен табысып,
Көруге оны асығып,
Жазда да ыстың, қапырық,
Қыста да аяз, қары бар
Адам сонда ағылар!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу