file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  144


Автор: Түрікмен поэзиясы

МЕНІҢ КӨЗІММЕН

Білемін досым, жарымның
Ұнамай саған қалғанын.
Ұғамын оны бəрібір
Айтпасаң да ашып аржағын.
Естідім мен де талай-ақ
Жолдастар айтып жүр біздің.
Оншама күйіп-жанатын
Несі бар-депсің бұл қыздың,
Əркім де ерек талғам бар,
Қалайтын елтіп жүрегі
Құбылтып бақша салғанда əн,
Жаныңды тербер біреуі.
Өтер ең құл боп өмірде
Жаяр ең құшақ дірілдеп.
Қарасаң əттең со гүлге
Көзіммен менің бір рет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу