file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  199


Автор: Түрікмен поэзиясы

Кілем

Кемпірқосақ нұр шашып кең бөлмемде,
Жас қанатын жайыпты жасыл бақша.
Орылмаған көк шалғын, көк өлең де,
Орнап қапты пышақтай жас қияқша.
Паркет толы өсіпті алуан гүл!
Алуан гүл!Япырау, бұл не сыр, бұл!
Терезеден сығалап, қалтырап бір
Қызыл шұнақ далада қарлы аяз тұр.
Ызасына аяздың сұрқы сүрең,
Көктемді үйге келтіріп берген рең –
Төрімдегі екен ғой жібек кілем,
Бірде жасыл құбылып, бірде күрең.
Əуе айналып түскендей шақта аптап,
Кілем жайып, жайғасып, орын баптап,
Отырысқан үлкендер шай сораптап...
Кілемшілер еңбегін сөйлер мақтап.
Сондай сəтте жан-жақтан есіп самал,
Қоштағандай кеңесті бұлбұл сайрап,
Маужырап жан тынығып рақат табар,
Жібек желмен тыныстап барша аймақ.
Даңқы асқан, кілемші, құрбыларым,
Мен де сүйіп сендерді жырға қостым.
Өнер тассын жас жандар, жаны жалын,
Еңбегіңнің жемісі гүлдей өссін.
Шығара бер, достарым, кілемге орап
Өлкеміздің өрнекте өзен, көлін!
Шешек атқан секілді жасыл алап,
Елестетсін кең-байтақ түрікмен жерін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу