Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  143


Автор: Түрікмен поэзиясы

ЖЕР БЕТІНДЕ ӨЗГЕРІС

Таңертеңгі шыққан күн
Батарын да біледі.
Қыз бұрымы қысқарып
Қаларын да біледі.
Жаздың кəусар бұлағы,
Таулы шатқал, далалы,
Қыс келгенде көркінен
Айырылып қалады.
Түнгі аспанның жұлдызын
Таң жарығы өшірмек.
Осылайша күнұзын
Құбылады жүз рет.
Ыстық пенен суық та
Бірін-бірі қуады.
Жеміс берген жуықта
Бау да қурап тұрады.
Жер бетінде өзгеріс,
Ештеме жоқ мəңгілік...
Сонысымен қызықты,
Кезек дүние,
Сан тірлік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу