Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.10.2022
227

ҰСТА МЕН ҚҰРАЛ-САЙМАН
Жанұяның нəпақасын жалғаған,
Əлі есімде ұстахана салған əн.
Кемпірауыз, балға, кескіш, тескіштер
Əкеміздің қолдарында ойнаған.
Күміс соғып, от ұшпайды жанарда,
Лауламайды көріктегі алау да...
Қартайды əке... күмілжіп сəл тұр бүгін,
Құрал-сайман жатыр ескі қанарда.
Түрікменстан төсі еңбек дүбірлі,
Қолға емес, станокқа жүгінді.
Заманының жетістігі сүйсінтіп,
Қолындағы кескішіне үңілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇