Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.10.2022
136
Сенім
Нанбаса адам, сенбесе адам,
Сол нағыз пасық, сол нағыз надан.
Досыңнан артық сенесің кімге,
Бəрінен досқа сенбеген жаман.
Досым-ау шəксіз сенемін саған,
Жүзіңді көрсем, қуаныш кернеп,
Бір сенен бойға сүйеніш табам,
Көңіліміз ортақ, жанымыз ұқсас,
Туғандай тату тетелес өсіп,
Еліміз – ортақ, неміз бар ұқпас!
Айтыстық талай жанжалсыз, даусыз,
Келеміз кексіз, өзара жаусыз,
Сен үшін өзің, мен үшін өзің,
Жау тисе, дайын қорғаныс-қорған,
Туған жер үшін қолқабыс болған,
Жасай бер сенім, жарасқан жүрек,
Үзілмес үміт – қанатты түлек,
Сенімсіз өмір – суынған көмір,
Сенсін ғой дауа, жасартар, білгірі
Сенімсіз жүрек болмасын дейік,
Жүрекке сенім орнасын берік,
Жаныңды сенім тазарта берсін,
Жер жүзін сенім жасарта берсін
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter