file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  176


Автор: Түрікмен поэзиясы

Арман

Қарашы дос, сауылдайды жапырақ,
Қарағайды күз жұлмалап жатыр-ақ.
Басын иіп ең соңғы оның сүйгені –
Өзіміздің туған асыл топырақ.
Жапырақтың аз болса да өмірі,
Жабырқамай кетті бірақ көңілі.
Көктем, жазда қарт теректі жасартып,
Гүл-гүл жайнап тұрды өскен өңірі.
Өлім деген бос шу емес тегінде,
Арманым бар, аңсарым бар менің де.
Ойға алғаным орындалса болғаны,
Артық өмір тілеу жоқ қой пейілде.
Арман деген жаралмаса егер де,
Өлім деген өршеленіп келер ме?!
Өмір онда ойыншықтан кем болып,
Тəттілігін тарттырар ма, берер ме!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу