file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  250


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҚЫРҒЫЗ ТОПЫРАҒЫНЫҢ САЗЫ

Түнде келдік.
Аршалардың бағында
Таза ауада келе сала тынықтық.
Жол соқты боп шаршаған соң, таңында
Шаһарын да аралауды ұмыттық.
Таңда бұлбұл үні бізді оятты.
Біреу де емес,
Жүз де емес,
Мың бұлақ.
Таңда гүлдер жұпар исін таратты.
Біреу де емес,
Жүз де емес,
Мың бір гүл...
Таң сəріде тұрып,
Қырғыз жерінде
Тұңғыш біздің көргеніміз гүл болды.
Зəулім терек... бақшалардың төрінде
Есіткеніміз күй төгілткен үн болды.
Бұлбұл түгіл, бүкіл қырғыз топырағы,
Əн шырқатып, сайрап тұрған секілді.
Əрбір шыңы, əрбір тал жапырағы
Əтір шашып жайнап тұрған секілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу