file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  150


Автор: Түрікмен поэзиясы

АҢЫЗАҚ

Боп-боз болып
Көк аспан
Көк долылық істепті.
Жал-жал құмдар
Таласқан
Жолбарыстар іспетті.
Қызыл жалын қорғанмен
Қорқытпай-ақ зор жауды,
Оған жасыл орманмен
Орнатамыз қоршауды.
Аптап ыстық жарықтық
Жеңілмеген жалғанда
Қайтер екен
Арықтан
Қыл бұрауды салғанда!
Соған өзім таңырқап,
Тұрмын міне салқында
Жапырақтар құс қанат
Ұшпаған бұл заматта.
Ал бұлбұлдар қыстамақ
Шығар Желалабадқа.
Сан алуан құбылды
Көз алдымда жыр-муза.
Жайлауы боп бұлбұлдың
Елестеді Феруза!
Көгергенде дөң-қырлар,
Гүл шығып жер төсіне...
Ғашықтарды бұлбұлдар
Тандырады есінен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу