file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  149


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҚАЗАҚ МЕЙМАНДАРҒА

Бірге айтқан дүзде өлең,
Бірге суды іздеген,
Қазақ пенен түрікменнің
Ұқсас жалпақ шөлдері.
Қазақ пенен түрікменнің
Еңбек сүйгіш елдері.
Бір бекіген екі елдің
Достық ойы, ақылы.
Айтылмаған Түрікменнің
Бекерге бір нақылы.
«Қазақпенен дос болсаң,
Ауыз-мұрның май болар,
Түрікменмен дос болсаң,
Күнде думан той болар».
Ынтымақты екі елдің
Бақ-таланы ашылған.
Үстіне ата мекеннің
Ырыс нұры шашылған.
Бастады өзі дəуірім,
Жебеді өзі қолтықтан.
Келмеске кетті ауыр күн,
Халқымызды қор тұтқан.
Жас қалалар безенді,
Бөленді нуға шөл дала.
Алып асу-кезеңді,
Алшаңдады ел жаңа.
Дос қадамды бір басып,
Тұтасты ел қатары.
Шұғыласын тұр шашып,
Жаңа өмір шапағы,
Жүрек құстай шарқ ұрған,
Жақындатты жан жақты.
Сəлем менің халқымнан
Меймандарға ардақты:
Сəлем, Ғабит Мүсірепов,
Сəлем, Сəбит Мұқанов,
Қош келдіңіз өлкеме,
Азат, гөзел Отанға,
Қарсы алады бұ халық,
Қуаныштың ұшқыны
Тұр көздерде тұтанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу