file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  132


Автор: Түрікмен поэзиясы

ОЛ ЗАҢШЫЛ ӨЗІ

Ол заңшыл өзі,
Заңды қолдайды
– Шарап ішпе! – деп,
Өнеге толғайды.
Ал қызыметтен кейін,
Шарапханаға талтаңдап барады.
Үйіне жеткенге дейін
Қалтаңдап қалады.
Ол заңшыл өзі,
Заңды жақтайды
– Əйел бізбен тең, – деп
Əйелді мақтайды,
Ал үйіне келсе,
Өзін ірі тұтады.
Əйелін қасынан қуып,
Қабағын шытады.
Ол заңшыл өзі,
Талай заңды табады
–Бізге сын керек! – деп,
Кеудесін қағады.
Ал өзін біреу сынаса,
Оны ашу буады
Сынаған адамды
Қызыметтен қуады.
Ол заңшыл өзі,
Заңды жақсы көреді
– Кішіпейіл бол, – деп,
Жұртқа кеңес береді.
Өзіне бірақ,
Ірі шен іздейді.
Үлкенірек машина сұрап,
Лауазымын негіздейді.
Ол заңшыл өзі,
Жұртты тəртіпке шақырады
– Қатаң есеп керек, – деп
Талайға ақырады.
Бірақ пайдасы келсе,
Заңды ол бұзады.
Мемлекет есебіне,
Өзіне үй салғызады.
Халықта нақыл бар,
Баршаға, ол – мəлім:
Деседі орында,
Айтқанын молданың.
Дейді ғой ұқсама,
Əдетте молдаға.
Сондай бұл заңшыл ғой,
Мұндайды қолдама!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу