Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.10.2022
155

ТҮРІКМЕНСТАН
Көктем келді гүл жайнатып белеңді,
Түрікменстан күн нұрына бөленді.
Көмейінен күй төгілте құбылтып,
Бұлбұл құстар жарастырды өнерді.
Көктем күні балбыраған бой алды,
Дала бусап, ұйқысынан оянды.
Өрнектеліп адамзаттың қолымен,
Ақ адырлар қызыл гүлмен боянды.
Барлық адам тау қопарар түрменен,
Жарасқандай нұр сəулелі күнменен,
Бір жағынан бұрқырата жер қазып,
Бір жағынан қоршап жатыр гүлменен.
Əрбір үйдің алдында бір тіршілік,
Əрбір үйден бал-бөбектер жүр шығып.
Секілді олар күнге еркелеп ойнаған
Көктемдегі балбыраған гүл-шыбық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇