file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  138


Автор: Түрікмен поэзиясы

САҒАН...

Достарыммен бірге шалқып тұрғанмын,
Жан-жағымыз алтын сəуле ойнаған.
Жаралғандай бір ғажайып нұрдан гүл,
Бұдан асар құдырет жоқ деп ойлаған.
Шыға келдің бір көшені айнала,
Жас теректің жапырағын жамылып.
Бара жатсаң күлімсіреп жай ғана,
Болды ілезде сұлулықтың бəрі ұмыт.
Бар дүние саған ғана қараған,
Сенің ғана нұр жүзіңе елігіп.
Алтын сəуле күн көзінен тараған
Қалды сенің бір күлкіңе көміліп.
Бар сұлулық, барлық атқан таң нұры
Жиылғандай арасына көк талдың.
Көктегі күн, жердегі гүл – барлығы,
Адам, саған жетпейді ғой деп қалдым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу