file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  163


Автор: Түрікмен поэзиясы

АШҒАБАТ

Ұлы еңбекте даңқың асып бүгін де,
Нұрын құйып саған Күн мен алтын Ай,
Өркеш-өркеш Копет таудың түбінде
Күзетші боп тұрсың бір сəт қалғымай.
Шайқаста мен жүріп сені еске алам,
Еске алар ем жүрсем де мен тас қалап.
Қияннан да көрер мені жас қалам,
Көз жіберсе туған жерден Ашғабат.
Қалай ғана ұмытарсың, о жолдас,
Тал сыбдырын, баурап алған жаныңды.
Əзілдескен, ойнап-күлген замандас,
Құрбыларды қайсар, өжет, жалынды.
«Киев үшін!» – деп командир жар салды,
Келдік қазір Днепрдің бойына.
Құшақ жайып Украина қарсы алды,
Кіріп,кеттік оның алып қойнына.
Уа, Ашғабат, ару қалам аңсаған,
Күннен-күнге ыстық тартып барасың.
Ораламыз жеңіспенен біз саған,
Сонда бізді құшағыңа аларсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу