Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.10.2022
145
![](/uploads/shorttexts/author_image/284830.jpg)
ТҰТ АҒАШЫ
Жас көктемде тұт ағашы
Сен, əдемі киіндің.
Жас келіндей жайнадың бір
Мен соныңа сүйіндім.
Бірақ, бүгін көйлегіңді
Кімге бердің, саттың ба?
Əлде, əлде өзіңе ұнар
Басқа бірін таптың ба?
Олай болса желегіңді
Маған-ақ қи, киейін.
Бір өзіңе мəңгі-бақи
Алғыс айтып жүрейін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter