file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  223


Автор: Түрікмен поэзиясы

СҮЙГЕНІМЕ ХАТ

Сəулешім, сен келер деп гүлдер ектім,
Өзіңмен ұйқыға да бірге кеттім.
Тер төктім, терімменен гүл суғардым,
Сен күлсең, мен де жайнап гүлдемекпін.
Таң ертең құс сайраса құлшына кеп,
Қалам мен сенің əсем даусың ба деп.
Бақтағы алма пісті қып-қызыл боп,
Дем алшы, қалқам, менің қасыма кеп.
Кел, қалқам, тездетіп кел, көр ауылды,
Бақшада сайрандайық лала гүлді.
Жаңа үйлер, жаңа баулар, жаңа құрылыс
Қолыңа əпергендей арманыңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу