file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  162


Автор: Түрікмен поэзиясы

САЙРАПТЫ БІР КЕКІЛІК

Сайрапты бір кекілік
Шөжесіне шешіліп:
«Жері ыстық жат елге,
Кетейік бөтен мекенге».
Туған жермен қоштасып,
Кетті екі кекілік.
Талай таудан кетті асып,
Қиыншылық кешіріп.
«Мекен болар бізге,» – деп
Таңдап қонған жерінде
Бұлбұл да жоқ, гүл де жоқ
Көгілдір сона мүлде жоқ.
Аштық, індет бірігіп,
Құстар жатыр бүлініп,
Аңшы оғына ілініп,
Кекілік қалды жығылып.
Жас кекілік жат жерден
Төгіп-төгіп жас көзден,
Жеке қайтты мекенге
Жетсем деп елге есенде.
Келсе, мұнда күн жайнап,
Құстар азат жүр жайлап,
Төскей жатыр құж қайнап,
Шөбі шүйгін сулы аймақ.
Кекілік сонда сайрады:
«Ыстық жаққа өртеген
Кетпеспін енді қайдағы,
Отаным, неткен көркем ең!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу