Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  208


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҚАРАДЫҢ ҚАЙДА БАҚТАШЫ

Өзің баққан мəпелеп
Ешкі-лакқа сүйініп,
Шығып алып төбеге
Қарадың күнге шүйіліп.
Немене, өрт пе лаулаған,
Көк түйінге ұқсап шаң тұрды.
– Шынымен, өрт пе, бұл не аға,
Жасаған күннен шатырды!
– Жел ме бір, əлде құйын ба
Тұман ба, əлде жаңбыр ма!
Деуің де ырас шынында
Тұрып ап үнсіз сен қырда.
Қадалып қарап тұрғанша
Көзіңмен күнді қалқалап,
Қасына соның бір баршы,
Сұрайын сенен қолқалап.
Көресің ерді, күштіні,
Күшімен тауды қопарған
Аянбай түгел іс қылып
Қойнынан судың от алған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу