Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  157


Автор: Түрікмен поэзиясы

МЕНІҢ ЕТІГІМ БАСЫП ӨТКЕН ЖОЛ

Ашғабатта киіп едім, етігім,
Жүре бердім, тынбай жүрдім жеті күн.
Судан еттім, қырды бастым, тау астым,
Жыртылмадың келер айға жалғастым.
Қарай қалсам сенің мықты шегеңе
Ауыр күндер дəл алдыма келеді.
Мінезіндей шығыс жақтың халқының
Мойрылмайтын, иілмейтін бар түрін.
Кавказ шалы қағып берген бұл шеге
Мейлі Донбасс, не Киевте жүрсем де
Майысқан жоқ, мүжілген жоқ ғаламат
Кетіп барам, соңыма бір қарап ап.
Белорус шал қағып берген ұлтан да
Ауыр күнде, дауыл күнде бұрқанған
Польша өтіп, Одерге де да апарды,
Уақыт сонда қайырымсыз, қатал-ды.
Ерге лайық қаһарменен, жүзбенен
Берлинге де барып жеттік біз деген.
Ел біледі, тоғызыншы Май күні
Бақыт гүлі қолын созды əйгілі.
Дəл сол күні етігімді шештім де,
Шаңын сүрттім, бақыт сəтін кештім де.
Бала құсап жалаң аяқ жүгірдім
Естіп нəзік сыбызғынын, дірілін.
Кəзір көрсем серігімді – етікті,
Күш алғандай болам шыным мен тіпті.
...Ұлым, қызым, қуанышым, ар, күлкім
Ұрпаққа айтар етігімнің тарихын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу