file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  130


Автор: Түрікмен поэзиясы

КӨРСЕМШІ

Менің құмды, шөл далалы жерімде
Нұр бұлақтар аққанын бір көрсемші.
Бақыт үшін енді оянған елімде
Білім шамын жаққанын бір көрсемші.
Еркек демей, əйел демей топтасып,
Мектептерге ағылып бір келсеші.
Жігіт пен қыз қолтықтасып, жұптасып,
Емін-еркін қыдырғанын көрсемші.
Қолмен істер ауыр жұмыс азайып,
Жаңа заман гүл бағына енсемші.
Мол білімнің күшіменен ғажайып,
Ен байлыққа кенелгенін көрсемші.
Аспанымда нұрын шашып алтын күн,
Қараңғылық келмес жаққа кетсеші.
Тар жол, тайғақ кешу өткен халқымның
Надандықтан құтылғанын көрсемші.
Қару етіп, қанат байлап білімнен,
Бұлтқа оның төбесінен төнсемші.
Қыста оқып, еңбек етіп күнімен,
Қызық сайран жаз келгенін көрсемші.
О бауырлар, бəрі болар осының,
Айтқаныма еш күмəнсіз сенсеңші.
Ақ жүркті адал жанның досымын,
Сондай күннің болғанын бір көрсемші.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу