Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.10.2022
125
ІЗДЕЙМІН
Ойымда да, бойымда таңбасы бар уақыттың,
Өзгермеген тек қана бір қасиет бар менде:
Ақиқатты қашанда кілті дегем бақыттың,
Жас кезімнен бұл сенім орнап қалған кеудемде.
Жалын күші жастықтың бойымда жоқ бүгінде,
Өткірлігін өткеннің қайтарып та ала алман.
Шындық кенін əйтседе тапсам деймін тірімде,
Мені алға жетелеп келе жатыр сол арман.
Егделік жас басымды еңкейтсе де кейде бұл,
Ақиқаттың жолында еш шаршауды білмеймін.
Мен шындықты іздеген кездерімде, бейне бір,
Мақтымқұлы немесе Науаимен бірдеймін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter