Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  131


Автор: Түрікмен поэзиясы

КЕМИНЕ

Өмір сені өз еркінше өткізбеді, Кемине!
Шақырды алдап, қашты кейін жеткізбеді, Кемине!
Қашты да ол бермеді сөз егескенде, Кемине!
Жаяу жетіп атты адамға теңескенде, Кемине?
Кетуге ақың тиіс болды белдескенде, Кемине!
Қарақұстай зорлық, қорлық тастөбеңнен торлады,
Қапалы күн қасірет шегіп қайғылы өлкең сорлады.
Халқың қажып – келімсектер ие болды суыңа,
Көлеңкедей кедейшілік алды сені қырына.
Алба-жұлба үсті-басың жүрдің жарлы, Кемине!
Өз сорыңа күле қарап жүре бердің кектенбей,
Жауды шаныштың өткір сөзбен өңменінен өткендей.
Ешкімнің сен мазағына ешқашан да көнбедің,
Ишандарды тойдан қуып, байды сілеп жерледің.
Өлмейтұғын мəңгілікке жырың қалды, Кемине!
Бақытты өлкең бұл күндерде барлық ұлтпен біріккен,
Сенің өлең-жырларыңды жатқа айтады түрікмен.
Сен де барсын қаптап ескен қалың өлең гүлінде,
Түрікмен ақын қазір көрсең жырлайды өз тілінде.
Өз атыңды өмір бойы ұмытпаймыз, Кемине!
Миллион жанға қанат қағып жетті өлеңің керемет,
Далада қыз, тойда жыршы жырыңды айтар сені елеп.
Суретіңді салу бақыт суретшінің өзіне,
Кілемдердің кестесінде жанып тұрар көзің де.
Жырымызда жанды салып құрметтейміз, Кемине!
Қаралы өлкең қайта туып, баққа оранып гүлденді,
Қара лашық орнында енді көресің ақ үйлерді.
Жəбірлесе кім өзіңді – ел кегіне килікті,
Халықтық зор махабаттан артар бар ма сый тіпті.
Сен тірісің. Өлең мəңгі сыңғырайды, Кемине!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу