Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.10.2022
126
ЖАЛҚАУ
Байқайсың ба, жалқау жанның тірлігін,
Көрінгенге қолын жайып тұр бүгін.
Мүсəпір ол жиырма бестен асса да,
Тұман оған шұғыла шашқан нұрлы күн.
Əрекет жоқ, миы, ақылы ұйқыда,
Тілім нан қат, қара жүдеу сиқына.
Келе жатыр көп жапаны көлдеңдеп,
Көзі ішіп-жеп, телмеңдейді жұртына.
Көрші де оны дəмнен қалыс қалдырған,
Сөзін оның жел деп ұғар қаңғырған.
Ауылда егер салтанатты той өтсе,
Бүгежектеп шет қалады сол бір жан.
Жалқаулықтың барар жері белгілі,
Жолы – тұйық, түсін, досым, сен мұны.
Өсек өрбіп жатсын жалқау селт етпес,
Еңбек етсең өтеледі тер құны!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter