file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  183


Автор: Түрікмен поэзиясы

ШЕГІРТКЕ

Шегірткенің əлегі егіндікте шарқ ұрған,
Баданадай дəн еді, жеп бітіпті антұрған,
Ұнжырғасы түсті елдің, алды жоқтың алқымнан,
Сор əкелді халыққа, жұрт ызалы, шегіртке.
Қанаттары қып-қызыл, өзі сары, өрнекті,
Бұлттай төніп аспаннан, ызың қағып ол жетті.
Жаздай төккен тер кетті көріп небір бейкетті,
Қайда ұшарын біледі қайырымсыз шегіртке.
Сыңайы жоқ жасқанған, қардай жауды аспаннан,
Көзді ашып жұмғанша жортуылы басталған.
Типал еттің бəрін де жанарлардан жас тамған,
Ашуы қозып халықтың аһ ұрады, шегіртке!
Сары шекпен жамылып сайран құрған жəндіксің,
Түнек етіп, аспанды, күннің өзін қалғыттың.
Жайпап бүкіл егінді, ақыл, есті дал қапсың,
Өлім менен аштықты сен əкелдің, шегіртке




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу