file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  261


Автор: Түрікмен поэзиясы

Сүйіктім

Азапқа батам жүрекке зілдей дерт еніп,
Сүйіктім менің, өріктей гүлдеп бойлаған.
Қайтсем екен, сезімге барам өртеніп,
Сүйіктім менің, аппақ қардай жайнаған.
Қолаң шашың екі жардың мүгіндей,
Көрген адам жараланар мəңгілік.
Аузың – маржан, тісің інжір түгіндей,
Сүйіктім сен, көркің күндей сəн құрып.
Келбетің аппақ қанатты бұлттай көктегі,
Масайратар тəтті сөзің тең келмес.
Құралай көз, нəзіктігіңе хор қызы да жетпеді,
Сұлтаным өзің, түсіме мəңгі өңге енбес.
Құрбы қызыдар, теңдесі жоқ дарасың,
Таңданысып гуілдеген айналаң.
Жаулап алды бəрін сұлу қарасың,
Сүйіктім-ау, бəрін өзің байлаған.
Алтынменен əдіптелген тарағың,
Рақат кешер қараса егер жанарым!
Дəулет Мəмет армандайды, жарым деп,
Өзің келіп айтса екен деп, қарағым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу