file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  130


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҚҰМАРЫМЕН КҮЙДІРУ

Көктем кеп қайта гүлденіп бақтар, бұлбұлдар тағы сайрайды,
Көңілсіз əнді құмарлық қозғап, бойында қаны қайнайды.
Қаракөз ару торуылдап жігіт жолына көзін қадайды,
Жалт қарап жанды сүйсінтіп оны, жанарыменен байлайды.
Балшекердей ернінен мəңгі ажырымастай боп сүйсе ғой;
Өрімдей сұлу бəденін құшып, төсіңе-төсің тисе ғой.
Құштарым қанып тұңғиық терең жалықтырмайтын жанарға,
Көзіне көзім қадалып қалып, отынан көзім күйсе ғой.
Бір-ақ қарап тұтқындайды, барлығы оның құрбаны,
Жанды тəннен айырады бір қараса жанарының нұрлары.
Бір қараған жанды тербер отты көзден мас боласың,
Есіңді алар толқындаған қолаң шашы бұрмалы.
Көрге дейін Досмамедтің шапағы оның көзінде,
Білерім сол соның үшін көбі жетпес төзімге.
Келбетінде меңі болып көзім менің тұтқында...
Қыпша белі құмар қылып, өртенемін өзім де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу