Өлеңдер ✍️
ЖАС БАЛАҒА САТЫЛҒАН ҚЫЗҒА
Ақжарқыным, құлағың тос, менің айтар кеңесім,
Бəйшешектей бүр жарыпты бойың менен дене шын.
Жаналғыш-көз жан жаулапты; қабақ-садақ, атқыла көз жебесін!
Жігіт қума, жас баланы мазақ қылма, көресің;
Құдай куə, естен кеттің! Азабынан аулақ бол, көнесің!
Сен балаға ынталанба, өз құныңды бағала,
Жаның сөнер, қадіріңді арттырғанша балаға.
Рақат көрмей оныменен жер аумақсың далаға.
Құмарың – күл, нəзік тəнің күлге айналар қарала...
Есік ашып, бұл өмірде кезігерсің жараға!
Көз алмайсың қарап оған. Ойлайсың ғой: «Өсер!» – деп,
«Құмар қанып, жаным бақыт кешер!» – деп.
«Күйеуім боп, қайғым бастан көшер!» – деп.
Үмітің көп, айналшақтап айтасың: «Алдыма гүл төсер!» – деп
Үмітіңді үз, армандама, мұның бəрі бос еңбек!
Гүл сияқты күнің келді. Күн өтер – гүл солады,
Солған кезде жасы келіп еркектермен бір болады.
Басқалардың аяғына басын ұрып, саған көзін құр шолады.
Қаның қайнап, жаның күйіп, ажырасар күн болады.
Осы күні басқа төніп, өлім берер түн сорабы.
Мəнісі жоқ күн туады, шаттық кетер жаныңнан,
Күннен күнге – сордан сорды көресің өз жарыңнан.
Жаман, жаман, жас бала кеп жарың болып табылған!
Сендер екеу – ал, біріңнің көзіңнен жас ағылған...
Өкінішті, өзің барып түнекке еніп, жаңылған!
Досмамедпін, мен мұңлы. Сен бəлеге жолықтың.
Жүрек бағы, көз мақтаны – нəзік кеуде, көріктім.
Шарап толы ерінің-ай, күні-түні арманым сол соны ұқтым.
Жарқын күнді жоғалтпағай, несіне сен торықтың?!
Обал сенің жастық шағың, нəзік көркің, солай сені қорыттым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter