Өлеңдер ✍️
![](/uploads/shorttexts/author_image/284830.jpg)
МАРУ – ƏЛЕМ ƏМІРШІСІ
Əлемнің əміршісі – Мару қалам,
Көп ғұмыр бақыт құшып сүрдім сенде.
Хангечен берді базар, бағын маған,
Саудамен қызық дəурен құрдым сенде.
Жігіттер қаруларын сайлап, баптап,
Мəслихат кеңес құрып, келісуде.
Насреддин шахты мен марапаттап,
Көндірдім дегеніме сен үшін де.
Алысып арыстанша майдан кірдім,
Рүстемнен асып түсті ерлік ісім.
Қырандар қан қырғында сертте тұрды,
Жан алып, жан берістім өзің үшін.
Шиит, сүннит ұрпақтарын ұзақ билеп,
Мирас қып Абдолла хан сені елге.
Кез болды Солтан Гəвүр тынған күйреп,
Көп қызық одан соң да көрдім сенде.
Вели нама Байрам Али ханнан алып,
Түрікмен бектеріне берді сені.
Өзіңде дəурен сүріп біздің халық,
Үш ұрпақ тоқсан жыл өтті содан бері.
Жырлайды Қара шайыр ақын қартың,
Тереңнен жүректердің шерін қозғап.
Қаһарман ұлдарынның өшпес данқы –
Ерлікпен шейіт болған сені қорғап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇