file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  360


Автор: Түрікмен поэзиясы

ШАЙҚАП ҚАЛ

Қайран, достым, сүйіп-күйгіш көңілдің
Мезгілі өтіп кетпей тұрып шайқап қал!
Қос шеңгелі жез тырнақты өлімнің
Алқымыңнан алмай тұрып шайқап қал!
Мерт қып мың сан пенделердің талабын,
Талайлардың жалмап жұтқан қарағын
Бұл қара жер саған да ашып аранын
Табытқа əкеп салмай тұрып шайқап қал!
Ақиқаттан іздеп көңіл іңкəрын,
Дəулет жиып, тіршіліктің қыл қамын,
Ұл-қыз өсіп өркен жайған ұрпағың
Құрып бітіп кетпей тұрып шайқап қал!
Қонақ келсе, құшақ жая қабылда,
Қайыршыдан садақа аяп тарылма,
Ет, сүйегің құмға айналып шағылда
Шіріп бітіп өшпей тұрып шайқап қал!
Уа, Кəтиби, білме уайым, қайғыны,
Сүй, тірі жүр, есерлік құр! Қай күні
Өмір – қайық, тағдырдын, сұм айдыны
Жұлып-түтіп бітпей тұрып шайқап қал!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу