Өлеңдер ✍️
ӨСІМҚОРЛАР ТУРАЛЫ
Дөрекі надандар біреудің еңбегін қанайды!
Дінді айтып алаяқтар алдайды кеп, талайды.
Дүние жинап, белшесінен батқандар бар балшыққа,
Қалай ғана сумақайлар ажал жоқ деп санайды?
Жексұрынды жын-шайтандар қолдайды,
Кедейлерді жалаңаштап шешіндіріп қорлайды.
Рақым жолдан ала қашып, сор соқпаққа бастайды,
Сумақайлар деп ойлай ма ажал мəңгі болмайды?
Тиын-тебен азғантай-ақ теңгелерге алтын ап,
Айлакерге ар мен ұят бірдей екен, сандырақ.
Өсімқорға даңғойлық тəн – сан ғасырдан сақталған заң,
Сумақайды құрт жемес пе жер астында жартылап?
Қиын заман, бəріне емес бірақта бұл, достарым:
Бұдан былай жексұрынның өтеуіне табыс түспек қас қағым.
Ар алдында шімірікпей күнəһарлық күледі...
Сұмырайға ажал оғы қадалмай ма, тос бəрің.
Қылмыстар мен қараңғы істер күннен-күнге қаптады,
Пайда қайда болса егер сонда қылмыс көп тағы.
Өсімқорлар қаулап барад, бар əлемді биледі...
Сұмырайға қиямет күн тумас па екен ноқталы?
Басып ап байлық, рақатты күн кешеді,
Күннен-күнге күнə менен кінə артып бес елі.
Өсімқорлар ойындарын сеніп алға бастауда,
Сұмырайларға да өлім бір күн көшеді!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter