file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  174


Автор: Түрікмен поэзиясы

КЕДЕЙЛІК

Тағдыр, саған келтірмекпін күпірлік,
Мардымсызға қашанғы етем шүкірлік?
Бейнетіңмен белімді де бүкір қып,
Сен тауыстың көздің нұрын, кедейлік.
Байлық деген қолдың батпан кірі ғой,
Кедейшілік – кəріптіктің бірі ғой,
Бардың қолы ұзын əрі ірі ғой,
Үстіме арттың қайғы жүгін, кедейлік.
Жүрегіңнің түкпіріне бүкпе кір,
Шын досыңнан жасырмассың түкте сыр,
Туыс пенен байдан жəрдем күтпе бір,
Аяғыма тұсау салды кедейлік.
Жатсам жоқтық ойымнан еш кетпейді,
Жүрсем əлім қарыс жерге жетпейді,
Қолым қысқа, тағдыр маған не ет дейді?
Алдымдағы арманды алды кедейлік.
Достарымды көре қалсам, қашамын,
Күте алмайтын болғандықтан, сасамын.
Езілдім ғой, қайсы белден асамын?
Өлтіретін болды-ау, жарымес кедейлік!
Талиби, сен бірақ, бұған мұңайма!
Дұға оқы, құлшылық ет құдайға,
Өзің талпын, үміт артпа бұ байға,
Мəңгі-бақи бола бермес кедейлік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу