file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  214


Автор: Түрікмен поэзиясы

Жүрегім

Сүйіп сені отқа түстім тіпті мен,
Жүрегімді жолға төсеп біткен ем,
Махаббаттың ғадауатын күткенмен,
Қасіреттің құлы болды жүрегім!
Қызғалдақтай көктемде сен гүлдедің,
Қол жетпеді, не істерімді білмедім.
Бұлбұлың боп бақшаңда мен жүрмедім,
Таба алмады саған жолды жүрегім.
Жанарым – бұлт, жаным менің жаралы,
О, сүйіктім, сорлатпасаң жарады.
Бұл ғашығың күнде күйіп-жанады,
Езілді ғой менің есіл жүрегім!
Мұңлы ғана ұғар менің жанымды,
Мен бір Мəжнүн, баса алмадым зарымды.
О, махаббат құрсаң да азап-торыңды,
Бағынышты менің мына жүрегім.
Қызғыш құстың қанатындай қастарың,
Көз жасым көл, күйіп-жана бастадым.
Өртін неге көңілімнің баспадың?!
Жалынышты бір өзіңе жүрегім.
Бұл əлемде жоқ өзіңнің теңдесің
Көкірегіме от-жалын боп енесің.
Бұлбұл құсым, ұшып кете көрмеші,
Бұрымыңа оралып тұр жүрегім.
Сенің үшін құрбан мына Непесің,
Қандай жұрттың қадіріне жетесің.
Арманымды аттап неге кетесің,
Түсті сенің тұзағыңа жүрегім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу