file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  155


Автор: Түрікмен поэзиясы

Теңдесі жоқ көркіңе

Теңдесі жоқ көркіңе
Бұл ғаламда, сүйіктім.
Өзің менің дертіме
Дауа болдың, сүйіктім.
Толған айдай келбетің!
Маған қарай берме тым.
Кезсем-дағы жер бетін
Сендей жан жоқ, сүйіктім.
Қу шөп мендей жанар ма?
Құмарым бір қанар ма?
Сенсіз күнім қараңғы,
Мұнар сағым, сүйіктім.
Қол созам ба жыраққа?
Махаббат бал-бұлақ па?
Ая мені, жылатпа!
Сені аңсадым, сүйіктім!
Шаштарың-ай, шаштарың,
Өңім тайды, қашты əлім.
Жат көзінен басқаның
Сақта өзіңді, сүйіктім.
Жүз мың сұлу тұрса да,
Тең келмейді бір саған.
Күндіз шыдап мұншама,
Түнде өртенем, сүйіктім.
Көз қарасың жүректі,
Оқ боп тесіп бір өтті.
Еркімді алды, жүдетті,
Үмітім сен, сүйіктім!
Сенің қатал қарасың,
Ашты жүрек жарасын,
Мəжнүн қылып барасың,
Халім бітті, сүйіктім!
Кірпігің-ай, кірпігің,
Ернің сенің – гүл, күнім.
Нұрлы бақша – дидарың
Кімді күтті, сүйіктім.
Сен таң нұры ойнаған,
Қараса көз тоймаған.
Көп толқимын, ойланам,
Ынтызармын, сүйіктім!
Тыңда, байғұс Непесің,
Көрді азаптың көкесін.
Сүйгені сен екенсің –
Жүректе сен кетесің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу