Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.10.2022
94
МƏХРИБАН
Туған жер қалды соңымда,
Соңымда қалды ай нұрлым.
Өзімнен болған сорым да:
Тағы да міне, қайғырдым.
Жаным бір лаулап жана ма,
Ішім бір толды санаға;
Жақсы ғой бірақ нала да:
Жадымда кетті ай нұрлым!
Мəхрибан мұңын білемін,
Ернін бір шие дер едім.
Қорғаннан шығып жөнедім.
Көктемгі гүлден айырылдым.
Түрікмен болсын, жат болсын,
Қорғаны оған сақ болсын.
Жалшысыз қалды-ау ақ досым,
Кеминесіз қалды-ау ай нұрлым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter