file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  157


Автор: Түрікмен поэзиясы

ЖОҚШЫЛЫҚ

Жүз сырқатым, мың бейнетім бар менің,
Ауыр екен бұл ғұмырда жоқшылық.
Зіл азадан кетті мазам, дəрменім.
Толастамай шұбыруда жоқшылық.
Алалайды алтын адам қауымын.
Аштық шегіп, кетті қатып бауырым.
Сұр жыландай шағып, төгіп зəбірін,
Қарызымды мол қылуда жоқшылық.
Ас болмаса, қинайды əрбір күнім де,
Өтер жарық, ұйқы көрмей түнім де.
Байға бармай, менен кетпей, үйіме
Жасын төгіп, тығылуда жоқшылық.
Түсе қойса колына егер тірі адам, –
Белін қатты буып алып қынаған.
Сосын үлкен келсаппенен қинаған...
Есептейді ұруды да жоқшылық.
Шер-қасірет жеңіп алды, көбейді,
Назар салып кім мүсіркер кедейді?
Өмір шіркін құр дүрмекпен жөнейді.
Ұтты ұпайын, ұғымын да жоқшылық.
Біреуге өмір алтын қазына үйеді,
Ал біреулер бос дорбаны іледі.
Шошынбашы, Кеминенің жүрегі,
Бізден де өтер шындығында жоқшылық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу