file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  135


Автор: Түрікмен поэзиясы

БОЛСА АТЫҢ ЕРТТЕУЛІ

Ең алдымен, достым, бір ат сайлап ал,
Айыл тартып, құйысқанын байлап ал,
Бұдан артық бақыт, байлық қайда бар?!
Бақыт деп біл – болса атың ерттеулі.
Атың болса жоқтық дəмін татпайсың,
Көлік іздеп, керуен тосып, жатпайсың,
Алты айшылық жолды алты-ақ аттайсың,
Бақыт деп біл – болса атың ерттеулі.
Өзі өлмей, досын жауға бермейді,
Ойдан орғып, қырға құлаш сермейді,
Арманыңның асқарына өрлейді,
Қорған деп біл – болса атың ерттеулі.
Қандай көркем, көрші сыртқы сымбатың,
Жүз қараға бермес асыл, қымбатым,
Жолама оған, болсаң егер қорқатын,
Болат деп біл – болса атың ерттеулі.
Егер мінсең дəл осындай атқа, сен,
Қолға түсіп, қор болмайсың жатқа, сен,
Жауды жеңіп, жетесің зор баққа, сен,
Қорған деп біл – болса атың ерттеулі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу