Өлеңдер ✍️
ЕРСАРЫНЫҢ ЖІГІТІ
Барлық жерге даңқы кеткен ежелден,
Құрметіне елдің де ерте бөленген,
Жауға шапса, ең алдымен жөнелген,
Кім білмейді Ерсарының1 жігітін.
Санамайтын ешуақытта бергенін,
Елемейтін басқа қауіп төнгенін,
Ұнататын оқу, өнер өрнегін,
Кім сүймейді Ерсарының жігітін.
Өз үйінде ұстайды өзін жайдары,
Ұрысқа енсе қалың қолдан таймады,
Сейілханда2 арыстандай айбары,
Кім білмейді Ерсарының жігітін.
Қолға алған ісін еркін меңгерген,
Күрестерде жігіттерге дем берген,
Олжа түссе, достарына тең бөлген,
Кім сүймейді Ерсарының жігітін.
Зеңбіректі екі жаққа орнатқан,
Жаяу əскер қолын оған қорғатқан,
Қарсыласқан жауын жайпап, сорлатқан,
Кім білмейді Ерсарының жігітін.
Ерлігімен үлгі болған басқаға,
Қайғырмаған қапталдан қан ақса да
Сеидиге сенсең егер, жақсы аға,
Сүй де сыйла Ерсарының жігітін!
1 Е р с а р ы – түрікмен руы. 2 С е й і л х а н – жер аты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter