Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.10.2022
164
![](/uploads/shorttexts/author_image/284830.jpg)
Жалғыздық
Уа, ағалар, бұл жалғанда баян жоқ,
Ағайынға түсетұғын саяң жоқ.
Ойлама еш мерекеге тоям деп,
Өксікпенен өтер күні жалғыздың.
Жалғыз жігіт қабағында қаяу мұң,
Жарлы жігіт – нысанасы аяудың.
Қайда жүрсе шаңы шықпас жаяудың,
Жанарынан жас кетпейді жалғыздың.
Жетім-жесір серік етер қайғыны,
Той-жиында дараланбас айбыны.
Ешқашан да болмас аты əйгілі,
Қасіретпен өтер күні жалғыздың.
Барлар өлсе – аян болар жалпыға,
Жарлы өлсе – із қалдырмас артына.
Түсінбейсің мынау өмір салтына,
Тақсіретпен өтер күні жалғыздың.
Мақтымқұлы, жалғыздыққа жолама,
Өтіріктен өнеге іздеп бола ма,
Кемшілігін жасырған жан оңа ма,
Ел – халқы ғой шын тірегі жалғыздың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter