file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  154


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТАП БОЛДЫМ

Серуенде келе жатып таңертең,
Таңғажайып мекенге бір тал болдым.
Көркі менен салтанаты жан өртер
Сəн сарайға бекерге мен тап болдым.
Ұстасыз-ақ жаратылған асылдан,
Қолға ұсталмай, құмсыз пұлға сатылған.
Тиер жерге оқсыз тура атылған,
Өткір садақ нөкерге мен тап болдым.
Сайран салып ортасында достардың,
Міне, қосақ арасында бос қалдым.
Жаннан безген бұл халімді қостар кім,
Өткел бермес нөсерге мен тап болдым.
Мен де іштім, достар ішкен шербетті,
Болды олар мəз, бірақ мені шерлі етті.
Махаббаттың мұңы мені тербетті,
Кəусар ма деп, кеселге мен тап болдым.
Бойда қуат, тəнде тірі жан бар ма?
Не пайда бар, бұл ісімде мəн бар ма?
Бұл азапта есеп бар ма, сан бар ма?
Ессіз-түссіз, есерге мен тап болдым.
Есер басқа орамалды байлай сап,
Көңіл – жүйрік, қамшы бастым айғай сап
Бал шарапқа қолды созған қайран сəт,
Кəусар ма деп, кеселге мен тап болдым.
Мақтымқұлы дейді менің атымды,
Мен лауласам, кім сөндірер отымды.
Меніменен кімдер бірге опынды,
Басым қатты, не шерге мен тап болдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу