file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  159


Автор: Түрікмен поэзиясы

БАР МАҢҒА

Бойдақтық жерге қаратқан,
Көзімді сүздім бар маңға.
Жолдас бер маған, жаратқан,
Қолымды жеткіз арманға!...
Жар керек маған келісті,
Ақылы ұшан, демі ыссы
Қызығар бүкіл жер үсті
Табылмас теңі жалғанда!
Қадірі жоқтан қашық қыл,
Ақылы барға асық қыл.
Таразы қайда, басып тұр,
Жолата көрме долбарға.
Күндіз де соны ойладым,
Түнде де соны ойладым,
Қол жайды көкке бойдағың
Тəңірім енді қолдар ма?
Бергейсің жарды бойшаң қып,
Жат болсын оған той, салдық.
Ағайын-жұртқа ой салдық,
Құдаға түсер жол бар ма?
Аяғыменен жар келмес,
Қадірді білмес жарым ес,
Оңалмайды ғарып еш,
Жардың орны толған ба?
Ауылдың соры қамсыздық,
Жігіттің соры малсыздық.
Азамат ерге жарсыздық
Қауіпті қапас тордан да.
Жалында, өртен, Пырағы,
Жастықтың болмас тұрағы,
Мендегі арман:
Бір əні –
Сыр айту жарға толғана!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу