file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  154


Автор: Түрікмен поэзиясы

БЕКТЕРІМ

Ез бен ердің тең болар ма арасы,
Қадір білер ездің бар ма шамасы,
Бағасынан басым болар жаласы,
Ойраны көп езден аулақ, бектерім.
Ер жігітте ешкім хақы кетпейді,
Езге берсең – дүние малы жетпейді,
Ақылыңа еш қанағат етпейді,
Əуре қылар барын даулап, бектерім.
Бір атада алты атаның сойы бар,
Бір наданның жүз кесапат ойы бар,
Жақсы жанның қайда жүрсең үйі бар,
Ез адамға – үйі зындан, бектерім.
Дəулет қонса, дос-жаранды танытпас,
Қаза келсе, жерге төнер талып бас.
Ез адамнан иман шығып жарытпас,
Мақтымқұлы соны ұғынған, бектерім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу