Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
500

Екі жүрек
Екі жүрек бір кемеде,
Тағдыр көрдік, талай-талай!
Бір арман мен бір мақсатта,
Жүрдік көкке, қарай-қарай.
Жаным ардағым,
Қамқор қорғаным,
Ақ таң біздерге,
Берсін зор бағын.
Арманымыз алдамады,
Көтерілдік, құлай-құлай!
Тәтті болмас, бәлкім өмір,
Соғылмасақ, бұлай-бұлай.
Аңсаттырған ақ таңдарым,
Маздамасын қалай-қалай?!
Шын махаббат тау соғады,
Міне досым, солай-солай…!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇