file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  502


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Еркетайым

(Әні бар)


 


Жанға жылу тапты, көңіл саябақ,
Армандарым алдан, тұрса аялап.
Тербетемін салып, ғажап әніме,
Ғашықтардың құрған, бағын саялап.

Сыңғырлаған күлкің, нәзік қалпында,
Ұшып келіп қонды, жүрек алқымға.
Жарқын мінез жүзің, бал бұл жайнаған,
Багалаймын сені, тенеп алтынға.


 


ҚАЙЫРМАСЫ
Еркетайым ғайып, болма алысқа,
Қол созғанда жартың, тұрма қалыспа.
Аялаймын сені, берсең келісім
Мен дайынмын міне, ұшсаң ғарышқа.
Аялаймын сені, аялаймын сені,
Аялаймын сені, әлем ғарышта.


 


Жүректегі ғашық, теңіз толқыны,
Тасқынып тұр толып, сезім бұл күні.
Қанат бітіп ұшам, дейме қарашы?
Кел тыңдашы қояр, емес солқылы.


 


Сөз жетпей тұр көңіл, толған көркіңе,
Селт етпей бір салдың, әбден еркіңе.
Жұлдызың боп жанам, мәңгі жүректе,
Сенші қалқам мінсіз, адал сертіме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу