Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.10.2022
184
СУРЕТ САЛЫП ЖҮРМІН МЕН
Бояуым көп баламын,
Сурет салып жүрмін мен.
Кезекпенен аламын
Әр бояуды бір-бірден.
Ал жұмысым басталды,
Маған осы ұнайды.
Салдым, міне, аспанды,
Бұлтты,
Жұлдыз,
Күн,
Айды.
Бәрін салу —
арманым,
Бәрі қымбат мен үшін.
Жасыл бояу —
орманым,
Сары бояу —
егісім.
Гүл де салдым тым сәнді,
Жоспарым бар көп тағы.
Бояулардың жұмсалды
Қызыл,
Қоңыр,
Көк —
бәрі.
«Осы өнерін ағамның
Үйренем» деп жүр інім.
... Бояуы көп даламның
Суреті көп ұлымын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter