Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.10.2022
148
МЕН ЖӘНЕ ІНІМ
Тапсырмамды әзірлеп,
Жаздым көп-көп әріпті.
Інім:
«Мен де... қазір...», — деп,
Кірісті де...
Жалықты.
Сурет салдым аптығып,
Мынау үйде туды кім?
... Қарындашын лақтырып,
Торғайларды қуды інім.
Еспеті тез шығардым,
Мұным және шындығым.
... «Ісін-ай, — деп, — бұлардың», –
Мультфильмге күлді інім.
Мен дайынмын.
Жарадым.
Ұғын мына жағдайды:
Мен мектепке барамын,
Інім әлі бармайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter