03.10.2022
  144


Автор: Ертай Ашықбаев

Әңгелек

Бәріміз ұйғарып,
Таптық та ұтырын:
Сепкенбіз жиналып,
Әңгелек тұқымын.
Көктепті,
көріңіз,
Құлпырып кетті енді.
Баптаймыз оны біз,
Жүрмейміз текке енді.
Қауызын ашқанда
Гүлдері құлпырды.
Күн сайын аспанда
Күлімдеп Күн тұрды.
Аспанға қарадық,
Күн жүрді дөңгелеп.
Сол Күннен нәр алып
Толысты әңгелек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу