file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  03.10.2022
  316


Автор: Ертай Ашықбаев

БЕРЕКЕТСІЗ ҚҰЙЫН

Жалқаулығым әлі менің
Бар-ау,
Оның несі ұнамды?
Көрші үйге барып едім,
Қоқыс екен есік алды.
Сірә ешбір адамның да
Келмеген-ау иілгісі.
Толып жатыр дәл алдымда
Шүберектің қиындысы.
Дәптердің де парақтары
Шашылыпты,
Көріп тұрмын.
Айналама қарап тағы,
Қанша қиқым жолықтырдым.
«Тазалық тез қолға алынса...
Жинар ем мен...
Үйім бөлек...», —
Деп ойланып болғанымша
Көтерілді құйын кенет.
Ептілігін кім елепті?
Сабақ қой бұл салақтарға.
Іліп кетті шүберекті,
Қоса кетті парақтар да.
Шара бар ма күлмесіме?
Қара мына «сыйын» дағы:
Біздің үйдің іргесіне
Тастап кетті құйын бәрін.
Тап-таза еді баста үйім,
Мен сыпырып тұрмасам да.
Әкетер ме басқа құйын,
Әлде өзім жинасам ба?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу