Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.10.2022
162

ҚАУІП
Қара суық күз келіп,
Одан кейін қыс келіп:
Қауын-қарбыз үзбедік,
Бақшаға да түспедік.
Отыр едік үш балда,
Әңгіме айттым мен сонда:
— Қарбыз өссе қыста да,
Ұрлар едім тоңсам да, —
Дегенімде басқалар
Басты дейсің ойбайға:
— Сықырласа ақша қар,
Күзетші естіп қоймай ма?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter