03.10.2022
  152


Автор: Ертай Ашықбаев

АЛҒАШҚЫ АДЫМ

Мәз боп бәрі қарасады:
Қаз-қаз тұрдың,
Күлімдедің.
Әзір саған жарасады
Құлағаның,
Сүрінгенің.
Сүп-сүйкімді және бүгін
Есікке де жармасқаның.
Кел, келе ғой, кәне, күнім,
Құтты болсын алғашқы адым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу